Бүгін мектебімізде ерекше халықаралық кездесу өтті!
Бүгін мектебімізде ерекше халықаралық кездесу өтті! Эстониядан келген құрметті қонақтарды қарсы алдық. Іс-шара «Білім шекарасыз: Алматы – Эстония тәжірибе алмасу» тақырыбында, “Алматы мектептері” жобасы аясындағы халықаралық тағылымдама шеңберінде ұйымдастырылды. Айта кету керек, 2022 жылы мектебіміздің директоры Эстонияға барып, тәжірибе алмасып қайтқан болатын. Биыл сол әріптестеріміз жауап сапармен Қазақстанға келіп отыр. Кездесу барысында қонақтарға мектебіміз таныстырылып, ашық сабақтар