Алматы қаласы Білім басқармасының
«№94 мектеп-гимназия»
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі:
+7(727) 392-00-55
Есепші бөлімі:
+7(727) 392-00-59
eOtinish.kz
Нашар көрушілер
нұсқасы
16
наурыз
2026

Бүгін мектебімізде ерекше халықаралық кездесу өтті!

Бүгін мектебімізде ерекше халықаралық кездесу өтті!
Эстониядан келген құрметті қонақтарды қарсы алдық. Іс-шара «Білім шекарасыз: Алматы – Эстония тәжірибе алмасу» тақырыбында, “Алматы мектептері” жобасы аясындағы халықаралық тағылымдама шеңберінде ұйымдастырылды.

Айта кету керек, 2022 жылы мектебіміздің директоры Эстонияға барып, тәжірибе алмасып қайтқан болатын. Биыл сол әріптестеріміз жауап сапармен Қазақстанға келіп отыр.

Кездесу барысында қонақтарға мектебіміз таныстырылып, ашық сабақтар өткізілді. Оқушыларымыз өздерінің жобалық жұмыстарын ұсынып, білімдері мен шығармашылық қабілеттерін көрсетті.

Халықаралық тәжірибе алмасу – білім сапасын арттырудың маңызды қадамы. Осындай кездесулер өзара ынтымақтастық пен достықты нығайта түседі.

Қонақтарымызға алғыс білдіреміз және болашақта серіктестігіміз жалғасын табады деп сенеміз!



Сегодня в нашей школе состоялась особенная международная встреча!
Мы приняли гостей из Эстонии в рамках темы «Образование без границ: обмен опытом Алматы – Эстония».

Мероприятие прошло в рамках международной стажировки проекта «Алматинские школы».
Стоит отметить, что в 2022 году директор нашей школы посетил Эстонию с целью обмена опытом. В этом году наши коллеги прибыли с ответным визитом в Казахстан.

В ходе встречи была представлена наша школа, проведены открытые уроки, а также продемонстрированы проектные работы учащихся. Школьники показали свои знания, креативность и высокий уровень подготовки.

Международный обмен опытом — важный шаг к развитию качественного образования. Такие встречи способствуют укреплению сотрудничества и дружбы.

Благодарим наших гостей и надеемся на дальнейшее плодотворное сотрудничество!
@bostanbilim
@edualmaty 
https://www.instagram.com/p/DV_Hc0OjEnY/