Алматы қаласы Білім басқармасының
«№94 мектеп-гимназия»
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі:
+7(727) 392-00-55
Есепші бөлімі:
+7(727) 392-00-59
eOtinish.kz
Нашар көрушілер
нұсқасы
Салимова Гүлнара Әшімқызы, дене шынықтыру мұғалімі
22
желтоқсан
2025
Салимова Гүлнара Әшімқызы, дене шынықтыру мұғалімі
Салимова Гүлнара Әшімқызы., Алматы қаласы Бостандық ауданы № 94 МГ дене шынықтыру мұғалімі, әріптестерге "1-4 сынып оқушыларын үйлестіруді дамыту" тақырыбында дене шынықтыру бойынша элективті курстың авторлық бағдарламасын сәтті ұсынды. Алматы қаласының Медеу, Бостандық және Әуезов аудандарының дене шынықтыру мұғалімдері бағдарламаны оқу процесіне интеграциялауды талқылауға және оны одан әрі сынақтан өткізу үшін ынтымақтастықты жолға қоюға мүмкіндік алды.
Жұма – ұлттық құндылықтарды дәріптейтін күн.
19
желтоқсан
2025
Жұма – ұлттық құндылықтарды дәріптейтін күн.
Жұма – ұлттық құндылықтарды дәріптейтін күн. Осыған орай 6 «А» сынып оқушылары ұлттық салт-дәстүрлерімізді насихаттау мақсатында шағын ойын ұйымдастырып, қызықты сұрақтар қойды. Іс-шара соңында оқушыларға қазақтың ұлттық тағамы — бауырсақ таратылды. Мұндай тәрбиелік іс-шаралар оқушылардың ұлттық рухын көтеріп, салт-дәстүрге деген құрметін арттырады. https://www.instagram.com/p/DSe3ppNAIYl/
1 «Ә» сынып оқушылары
18
желтоқсан
2025
1 «Ә» сынып оқушылары
1 «Ә» сынып оқушылары Сабыржан Айлана – «Қазақстан Үздігі – 2025» X Республикалық өнер мен білім конкурсының БАС ЖҮЛДЕ иегері! 🏆 Сондай-ақ, Хайрден Аяла – І ОРЫН иеленді! 🥇 Жас өнерпаздарымызды үлкен жетістіктерімен құттықтаймыз! Алдағы уақытта да биік белестерді бағындыра берсін! 🌟 Ұстаздарына және ата-аналарына алғыс білдіреміз! https://www.instagram.com/p/DSZ0J6JjH5d/?img_index=1
Мен Серғазина Айнагүл Серікқызы, Алматы қаласының "№94 мектеп-гимназиясы" КММ физика және информатика пәнінің мұғалімі.
18
желтоқсан
2025
Мен Серғазина Айнагүл Серікқызы, Алматы қаласының "№94
Мен Серғазина Айнагүл Серікқызы , Алматы қаласының " № 94 мектеп - гимназиясы " КММ физика және информатика пәнінің мұғалімі . Педагог - зерттеуші , " Алматы қаласының Жыл мұғалімі " , " Үздік Ұстаз " , " Қазақстанның Ұлағатты Ұстазы " екі Құрмет медалінің иегері , сіздерге қалалық білім берудегі жаңа технологиялар ғылыми - әдістемелік орталығы бекіткен 10-11 сынып оқушыларына арналған " ұлттық бірыңғай тестілеуге дайындық " физика пәні бойынша элективті курстың авторлық бағдарламасын, № 5
1 «Ә» сыныбында Тәуелсіздік күніне арналған сынып сағаты өткізілді.
15
желтоқсан
2025
1 «Ә» сыныбында Тәуелсіздік күніне арналған сынып сағаты өткізілді.
1 «Ә» сыныбында Тәуелсіздік күніне арналған сынып сағаты өткізілді. Сабақ барысында оқушылар еліміздің Тәуелсіздікке жету жолы, мемлекеттік рәміздер мен Отанға деген сүйіспеншілік туралы мағлұмат алды. Балалар тақырыпқа сай өлеңдер оқып, сұрақ-жауапқа қатысып, белсенділік танытты. Іс-шара оқушылардың патриоттық сезімін арттырып, елін, жерін сүюге тәрбиелеуге бағытталды. 🇰🇿 https://www.instagram.com/p/DSRizqpjNRy/
Мектебімізде Тәуелсіздік күніне арналған «Тәуелсіздігім – тұғырым» атты мерекелік концерт өтті. 🇰🇿
15
желтоқсан
2025
Мектебімізде Тәуелсіздік күніне арналған «Тәуелсіздігім – тұғырым»
Мектебімізде Тәуелсіздік күніне арналған «Тәуелсіздігім – тұғырым» атты мерекелік концерт өтті. 🇰🇿 Іс-шара барысында оқушылар ән шырқап, би билеп, өлең оқып, Тәуелсіз елдің жетістіктерін дәріптеді. Концерттің әрбір нөмірі Отанға деген сүйіспеншілік пен патриоттық рухқа толы болды. Мерекелік кеш көрермендерге ерекше әсер қалдырып, Тәуелсіздіктің қадір-қасиетін терең сезінуге мүмкіндік берді. @bostanbilim  https://www.instagram.com/p/DSR5kDvDMcj/
Тәуелсіздік күні – ел тарихындағы ең қастерлі мереке 🇰🇿
15
желтоқсан
2025
Тәуелсіздік күні – ел тарихындағы ең қастерлі мереке 🇰🇿
Тәуелсіздік күні – ел тарихындағы ең қастерлі мереке 🇰🇿 Осы айтулы күнге орай оқушылар Мұқағали Мақатаевтың Отан туралы өлеңдерін мәнерлеп оқып, тәуелсіз елге деген сүйіспеншіліктерін, патриоттық рухтарын паш етті. @bostanbilim  https://www.instagram.com/p/DSR8dAxjDaK/
Челлендж: «Я посвящаю свои победы своей Родине!»
13
желтоқсан
2025
Челлендж: «Я посвящаю свои победы своей Родине!»
Челлендж: «Я посвящаю свои победы своей Родине!»🫶😍 https://www.instagram.com/p/DSRyugKDDm8/
2025 жылдың желтоқсан айында № 94 мектеп-гимназиясы қабырғасында қазақтың біртуар батыры, даңқты қолбасшы және жазушы Бауыржан Момышұлының
12
желтоқсан
2025
2025 жылдың желтоқсан айында № 94 мектеп-гимназиясы қабырғасында
2025 жылдың желтоқсан айында № 94 мектеп-гимназиясы қабырғасында қазақтың біртуар батыры, даңқты қолбасшы және жазушы Бауыржан Момышұлының туғанына 115 жыл толуына орай салтанатты ерлік сабағы ұйымдастырылды. АӘТД пәнінің оқытушысы Р.Т. Бабакановтың жетекшілігімен өткен бұл шараға 10-сынып оқушылары белсене қатысты. Сабақтың басты мақсаты — Бауыржан Момышұлының «Ұшқан еңбегіндегі қағидаларды негізге ала отырып, жастарды тәртіпке, жауапкершілікке және отансүйгіштікке баулу. Оқушылар батырдың
Бүгін мектебімізде Бостандық ауданы бойынша
11
желтоқсан
2025
Бүгін мектебімізде Бостандық ауданы бойынша
Бүгін мектебімізде Бостандық ауданы бойынша Жұмысшы мамандықтар жылы аясында және Тәуелсіздік күніне орай аудандық «Жұмысшы мамандықтарының әлемі» байқауы өтті. Аудан мектептері түрлі жұмысшы мамандықтарын таныстырып, олардың қоғамдағы орны мен маңызын шығармашылық форматта көрсетті. Оқушылар кәсіби шеберлік, мазмұндылық және сахналық мәдениет бойынша бақ сынады. Сонымен қатар, 💐 оқушыларды дайындаған жетекшілеріне еңбектері мен қолдауы үшін ерекше алғыс білдіреміз! Барша қатысушыларға