Алматы қаласы Білім басқармасының
«№94 мектеп-гимназия»
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі:
+7(727) 392-00-55
Есепші бөлімі:
+7(727) 392-00-59
eOtinish.kz
Нашар көрушілер
нұсқасы
03
маусым
2026

Алматы – мәдениет, спорт және туризм тоғысқан ерекше қала

Алматы – мәдениет, спорт және туризм тоғысқан ерекше қала
2025 жылы мегаполисте 192 ірі іс-шара өткізіліп, оған 5,3 миллион адам қатысты. Оның ішінде 500 мыңнан астамы – шетелдік туристер. Іс-шаралардан түскен табыс 2 млрд теңгені құрады.
Қалада сондай-ақ 5 мыңнан астам мәдени-көпшілік шара ұйымдастырылып, шетелдік әртістердің қатысуымен 58 концерт өтті.
Алматы жыл сайын орта есеппен 1,9 миллион турист қабылдайды. Осыған байланысты туристік аумақтарды дамытуға ерекше көңіл бөлінуде: 1 000 шақырым туристік маршрут цифрландырылып, 850 шақырым аумақ абаттандырылды. Сонымен қатар 16 кемпинг пен 6 бұлақ инфрақұрылымы жасақталды.
Спорт саласында да ауқымды жұмыстар атқарылды. Спорт мектептері жаңартылып, 1 млрд теңгеге жаңа құрал-жабдықтар сатып алынды. Бұдан бөлек, демеушілер есебінен 400 млн теңге тартылып, оның бір бөлігі спортшыларды қолдауға бағытталды.
Алматы мәдениет, туризм және спорт арқылы халықаралық аренадағы беделін нығайтып келеді.
https://www.instagram.com/p/DZE-vdSglJm/