2021-2022 оқу жылы «Адал ұрпақ» сыбайлас жемқорлыққа қарсы ерікті клубының атқарған жұмыстары туралы есебі » Коммунальное государственное учреждение «Школа-гимназия №94» Управления образования г.Алматы
Алматы қаласы Білім басқармасының
«№94 мектеп-гимназия»
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі:
+7(727) 392-00-55
Есепші бөлімі:
+7(727) 392-00-59
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » » 2021-2022 оқу жылы «Адал ұрпақ» сыбайлас жемқорлыққа қарсы ерікті клубының атқарған жұмыстары туралы есебі
26
шілде
2022

2021-2022 оқу жылы «Адал ұрпақ» сыбайлас жемқорлыққа қарсы ерікті клубының атқарған жұмыстары туралы есебі

2021-2022 оқу жылы «Адал ұрпақ» сыбайлас жемқорлыққа қарсы ерікті клубының атқарған жұмыстары туралы есебі


Мектепте адамгершілігі мен жауапкершілігі жоғары, бастамашыл және әлеуметтік құзыретті азамат пен патриотты қалыптастыру және дамыту үшін жағдай жасау мақсатында 5-11 сынып оқушылары кіретін «Адал ұрпақ» еріктілер мектеп клубы жұмыс істейді.
«Адал ұрпақ» клубының жұмыс жоспары жасалып, бекітілді.
Мақсаты – мектепте адамгершілігі мен жауапкершілігі жоғары, белсенді және әлеуметтік құзыретті азамат пен патриотты қалыптастыру және дамыту үшін жағдай жасау.
Мектепте мектеп жағдайында сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру бойынша тәрбие жұмысының жоспары бекітілді, оған сәйкес мектепте клуб  жетекшісінің басқаруымен  іс-шаралар жүргізіледі.
Оқу жылының басында үнемі жаңартылып отыратын «Парасатты Азамат» бұрышы құрылды.
Оқушылардың сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетін қалыптастыру үшін және  Қазақстан Республикасы Президентінің 2014 жылғы 26 желтоқсандағы № 986 «Қазақстан Республикасының 2015-2025 жылдарға арналған сыбайлас жемқорлыққа қарсы стратегиясы туралы» Жарлығын орындау мақсатында   9-11 сыныптарда  «Адам. Қоғам. Құқық» және 5-8 сыныптарда «Өзін-өзі тану» сабақтарының пән мұғалімдері сыбайлас жемқорлыққа қарсы тақырыптарын  меңгеруді  ұйымдастырды.
8-11 сынып оқушылары арасында еліміздің сайлау заңнамасының қағидаттары бойынша «Мектеп парламентінің президентін сайлау» рөлдік ойыны ұйымдастырылып, өткізілді.
Жұмыс жоспарына сәйкес қазан айында 5-11 сыныптар үшін  «Сыбайлас жемқорлық дегеніміз не?» атты  парақшалары шығарылды.
Қараша айында 5-11 сынып жетекшілері «Қазақстан тарихындағы сыбайлас жемқорлықпен күрес» тақырыбында сынып сағаттарын өткізді. Оқушылар сатылмайтын еңбек мәселелерін талқылап, өскелең ұрпақты адал еңбек етуге шақыратын презентациялар мен бейнероликтерді тамашалады.
Желтоқсан айында мектепте «Қазақстан-құқықтық мемлекет» айлығы өтті. Айлық аясында барлық сыныптарда құқықтық тақырыптар бойынша тақырыптық сынып сағаттары өткізілді.
«Адал ұрпақ» клубының отырысы өтті. Кездесу тақырыбы: «Біздің таңдауымыз – құқықтық қоғам».  Оқушылар құқықтық қоғам, заң үстемдігі туралы, Қазақстан Республикасының сондай қоғамға айналу мақсатын көздейтіні туралы әңгімелесті. Осы мақсатқа сәйкес барлық мемлекеттік органдар мен лауазымды тұлғалардың қызметі құқықтық нормалармен реттеледі.
Барлық адамдар, дәрежесіне немесе кез келген басқа артықшылықтарына қарамастан, заң алдында тең. Қоғам заңмен реттелетін дербес құрылым ретінде тұрақты дамып келеді. Заңның үстемдігі мәселесін талқылаған балалар «сыбайлас жемқорлық» сынды өзекті құбылысқа тоқталды. Сыбайлас жемқорлықтың  мәнін, себептерін ашуға тырысты, осы табанды құбылысты қалай жеңуге болатыны туралы ой бөлісті. Оқушылар талқылауға белсене қатысты, тапсырмалар орындады, заң үстемдігі туралы баяндамалар оқып, әртүрлі әлеуметтік рөлдерді сынап көрді. Сондай-ақ қоғамдағы сыбайлас жемқорлықтың қайғылы нәтиежеге әкеліп соқтыратыны туралы бейнеролик көрсетілді.
9в,8,в 11б сынып оқушылары «Жастар сыбайлас жемқорлыққа қарсы» атты әлеуметтік бейнеролик дайындады.  8-9 сынып оқушылары  «Жемқорлыққа қарсымыз!» атты плакаттар көрмесін дайындады.   
Қоғамда сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру жөніндегі Ашық келісімді іске асыру аясында сыбайлас жемқорлыққа қарсы ағарту және халықпен өзара іс-қимыл бойынша жүйелі жұмыстар жүргізіліп, сыбайлас жемқорлыққа қарсы күреске бағытталған іс-шаралар жүргізіліп жатқанын атап өткен жөн, сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениет пен оның кез келген көріністеріне «мүлдем» төзбеушілік деңгейін қалыптастыру, құқықтық сауаттылықты арттыру, жастарды патриоттық рухта тәрбиелеу.

Наименование клуба

Количество членов  клуба

Наименование мероприятия

(все мероприятия, проведенные клубом «Адал Ұрпақ»

С 01 сентября по 25 мая 2022

Ссылки по мероприятиям в социальных сетях

Фото мероприятий


Адал ұрпақ

972

Сюжетно-ролевая игра «Выборы президента школьного парламента»

https://www.instagram.com/p/CUoNNa6q1zV/?igshid=MDJmNzVkMjY=


Адал ұрпақ

972

Памятка «Что такое коррупция?»


https://youtube.com/shorts/ENarSdktaOA



Адал ұрпақ

972

классные  часы  на тему «Борьба с коррупцией в истории Казахстана»

https://www.instagram.com/tv/CVQQBPiKg3H/?igshid=MDJmNzVkMjY=


Адал ұрпақ

972

Заседание Клуба "Адал Ұрпақ". Тема заседания: «Наш выбор – правовое государство».  


Адал ұрпақ

972

социальный ролик «Молодежь против коррупции»

https://www.instagram.com/tv/CVkm6N2gcMU/?igshid=MDJmNzVkMjY=


Адал ұрпақ

972

онлайн-флешмоб "Права человека-мои права".

https://www.instagram.com/tv/CW-maY9D1h-/?igshid=MDJmNzVkMjY=


Адал ұрпақ

972

Социальный ролик «STOP! КОРРУПЦИЯ!»

https://fb.watch/duFd7_Fh0W/


Адал ұрпақ

972

«Скажем коррупции твердое-НЕТ!» онлайн кл. час

https://www.youtube.com/watch?v=L6viq9AwqQs


Зам.директора по ВР                         Н.Ж. Жекибаева