БАҒДАРЛАМА элективті курс гимназиялық компоненттің арнайы курстары ҰЛТТЫҚ ҚҰНДЫЛЫҚТАРЫМЫЗДЫ БАҒАЛАЙЫҚ! 8-11 сынып оқушыларына арналған » Коммунальное государственное учреждение «Школа-гимназия №94» Управления образования г.Алматы
Алматы қаласы Білім басқармасының
«№94 мектеп-гимназия»
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі:
+7(727) 392-00-55
Есепші бөлімі:
+7(727) 392-00-59
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » » БАҒДАРЛАМА элективті курс гимназиялық компоненттің арнайы курстары ҰЛТТЫҚ ҚҰНДЫЛЫҚТАРЫМЫЗДЫ БАҒАЛАЙЫҚ! 8-11 сынып оқушыларына арналған
13
желтоқсан
2020

БАҒДАРЛАМА элективті курс гимназиялық компоненттің арнайы курстары ҰЛТТЫҚ ҚҰНДЫЛЫҚТАРЫМЫЗДЫ БАҒАЛАЙЫҚ! 8-11 сынып оқушыларына арналған

БАҒДАРЛАМА

элективті курс

гимназиялық компоненттің арнайы курстары


ҰЛТТЫҚ ҚҰНДЫЛЫҚТАРЫМЫЗДЫ БАҒАЛАЙЫҚ!

8-11 сынып оқушыларына арналған


аптасына 1 сағат, барлығы 34 сағат


Мукышева Галия Карипжановна

Коммуналдық мемлекеттік мекеме.

№ 94 мектеп - гимназияның қазақ тілі мен әдебиеті мұғалімі

Байжанова  Рая  Махмутовна

Коммуналдық мемлекеттік мекеме.

№ 27 гимназияның қазақ тілі мен әдебиеті мұғалімі


Пікір жазған: Төлеуп  Мира Мухамедьяровна, филология ғылымдарының кандидаты, Ғұмарбек Дәукеев атындағы Алматы энергетика және байланыс университетінің тіл білімдері кафедрасының  меңгерушісі.


Түсініктеме хат

Элективті курс «Ұлттық құндылықтарымызды бағалайық!» бағдарламасы орта мектептің             8-11 сыныптарына арналып құрылған. Барлығы 34 сағатқа жоспарланып жасалған.                                                    

Бұл бағдарлама оқушылардың салт –дәстүр туралы білімін тереңдете отырып , ой - өрістерінің  дамуына , халқымыздың салт-дәстүрін сақтауға , құрметтеуге және бағалауға баулиды.                                                                                                                                                                            

Курстың ерекшелігі: оқушының өз-өзіне деген сенімділігін арттырады, өзін еркін ұстай білуге баулиды , оқушыларды шығармашылық жұмыстарға бағыттай отырып , ізденімпаздыққа үйретеді , салт-дәстүрімізді терең біле отырып , қазақ халқының ұлттық мінез- құлқын , қасиеттерін таниды.Ою – өрнектерін , зергерлік әшекей бұйымдарын , қолөнерін көре отырып , өз бойларындағы  қабілеттерін аша білуге ықпал етеді.

« Мәңгілік Ел» идеясының филосо­фия­­­лық мәдени астарын талдауда ерекше назар аударатын мәселе - ұлттық тәрбие. Тәрбие тал бесіктен басталады десек , ұлттық тәрбие отбасынан бастау алуы керек. Отбасылық тәрбие мәдениетті тұлғаларды қалыптастыруда басты мақсат ретінде ұстануы керек. Бұл жолдау үлкенді құрметтеу мен ата-ананы сыйлауды , ар, намыс , ұят сынды құндылықтарды жастар санасына сіңдіруді басты идеологиялық ұстанымға айналдырудың маңызы зор. Қазақ болашағы тектілік пен кісілікті , бірлік пен татулықты , білім мен адамгершілікті ұштастыру негізінде жүруі тиіс. Отбасы мемлекет пен қоғам алдындағы жауапкершілігін сезінуі қажет. Отбасы болашақ жастарды ұлттық құндылықтар негізінде тәрбиелей отырып , олардың санасына патриоттық сезім ұялатуы тиіс. 

         Бұл бағдарлама орыс мектептеріндегі 8 - 11 сынып оқушыларына арнап шығарылған.   Оқушылардың жеке тұлға ретінде қалыптасуына халықтың салт-дәстүрлерінің тәрбиелік , танымдық маңызы зор. Еліміздің тұңғыш президенті Н. Назарбаев  «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» атты жолдауында  «Табысты болудың ең іргелі , басты факторы білім екенін әркім терең түсінуі керек.  Себебі , құндылықтар жүйесінде білімді бәрінен биік қоятын ұлт қана табысқа жетеді» деп болашақ ұрпақтың білімді болуына  ерекше  назар аударып , мектеп оқушыларының функционалдық сауаттылығын дамыту мен қалыптастыру қажеттілігін көрсеткен.. Дәстүр атадан балаға қалып отыратын , ұрпақтан-ұрпаққа жалғасатын , тарихы нақты қалыптасқан әлеуметтік нормалар мен принциптер жиынтығы. Дәстүр ұлттық мәдениет пен тығыз байланыста болады.  Ұлттардың салт- дәстүрлеріндегі мінез-құлықтары мен өздеріне тән қасиеттері бір-бірлеріне ұқсап  бір-бірлерін өзара толықтырып  отырады.


Элективті курс жұмысының мақсаты:  

  • қазақ  халқының бала тәрбиесіне байланысты әдет- ғұрыптарын, тұрмыс – салт   дәстүрлерін, ата кәсіп, әлеуметтік- мәдени  салт – дәстүрлерін  үйрету; 
  • оқушының ой-өрісін, сөйлеу тілін, шығармашылық қабілеттерін дамыту; 
  • өз бойларындағы қабілеттерін аша білуге ықпал жасау; 
  • жас ұрпақты ұлттық салт - дәстүрімізді қадірлеуге, бағалай білуге тәрбиелеу;
  • жас ұрпақтың білім алу мәселелеріне кеңес беру және оларды  ғылыми- зерттеу жұмыстарымен айналысуға тарту;
  • дарынды және талантты  балаларды оқыту;
  •  оқушылардың жас ерекшеліктеріне сәйкес оқыту;
  • оқушылардың мәдени құзыреттілігін ұлттық құндылықтар негізінде қалыптастыруды теориялық тұрғыда негіздеу және оны тәжірибелік эксперименттен өткізу;                                                                                                                                             

Міндеттері

·ұлттық құндылықтар негізінде оқушылардың мәдени құзіреттілігін қалыптастыруды теориялық тұрғыда негіздеу;    

·оқушылардың мәдени құзіреттілігін қалыптастыруда ұлттық құндылықтарды пайдалану мүмкіндіктерін айқындау;  

  •  оқушылардың мәдени құзіреттілігін қалыптастыруда ұлттық құндылықтарды пайдалану әдістемесінің тиімділігін тәжірибе жүзінде тексеру.

            Бұл бағдарламаның мазмұны ғасырлар бойы атадан балаға беріліп,ұрпақтан -ұрпаққа жалғасып келе жатқан  қазақ халқының бала тәрбиесіне байланысты әдет- ғұрыптары, тұрмыс – салт  дәстүрлері, ата кәсіп, әлеуметтік- мәдени  салт - дәстүрлерінен тұрады. 

            Жалпы оқу үрдісінің сипаттамасы, әдістері, жұмыстың түрлері:

  • сөздік жұмысы, анықтамаларды, сөз үйрету техникасын қолдану.
  • тіл дамыту жұмыстары.
  • пікірлесу, сұхбат алу, талқылау.
  • слайд, презентация жасау.
  • мәтін құрастыру, эссе жазу,баяндамалар т.б.
  • ойындар, қойылым, көрініс көрсету
  • мұражайларға экскурсия
  • заманауи талапқа сай киіз үйдің макеттерін жасау, қолөнер түрлерін жасап үйрену.
  • зерттеу жұмыстарын жүргізу, жоба қорғау.
  • оқушылардың  өзін-өзі және өзара бағалауы(„Бағдаршам“ стратегиясы, стикермен бағалау; „Екі жұлдыз, бір тілек“).
  • оқыту мен оқуда АКТ қолдану.
  • оқыту мен оқудағы жаңа тәсілдер 
  • диалогтік оқыту (әңгіме дебат; зерттеушілік әңгіме, кумулятивтік әңгіме )
  • ынтымақтастық және топтағы бірлескен жұмыс 
  • инклюзивті оқыту
  • сын тұрғысынан ойлауға үйрету („Инсерт“,„Синквейн“, „Фишбоун“„10 сұрақ“ т.б.)
  • Блум таксономиясы
  • талантты және дарынды балаларды оқыту (флипчартпен жұмыс, постер қорғау т.б.)
  • оқушылардың жас ерекшеліктеріне сәйкес оқыту және оқу.





Элективті курс бағдарламасы бойынша күтілетін нәтиже:

Қазақ халқының бала тәрбиесіне байланысты әдет- ғұрыптары, тұрмыс – салт  дәстүрлері, ата кәсіп, әлеуметтік- мәдени  салт – дәстүрлерін  тереңірек түсіну;

  • Өз бетінше қосымша мағлұматтар іздей отырыпойларын, білімдерін саралау;
  • Талқылауда  өз ойларын ортаға салу;
  • Қолөнер түрлерін тәжірибеде  жасаудың жолдары туралы өз ойларын толық жеткізу;
  • Ұлттық қолөнерімізді заманауи талапқа сай жаңғырту,өмірде пайдалану;
  • Ұлттық құндылықтарымызға ерекше құрметпен қарап, бағалай білу;

Тұрақтылау (мазмұндық) бөлімі

Кіріспе. 1сағат.                                                                                                                                                           

Бұл бөлімде оқушыларға жалпы қазақ   этнопедагогикасы туралы әңгімеленеді. Қазақ халқының қалыптасқан әдет- ғұрыптары мен салт- дәстүрлерінің тәлім- тәрбиелік, білім- танымдық рөлі орасан зор. Адамның өмірге келген күнінен бастап, оның есейіп, қартайып, о дүниеге кеткенге дейінгі өмірі мен іс - әрекеті, өмірдегі басқалармен қарым -қатынасының барлығы – ұлттық әдет - ғұрыптар мен салт дәстүрлерден өзекті орын алып, адамның дүниетану көзқарасын қалыптастыратын үлкен тәрбие мектебі.                                                                            

І - бөлім. Қазақ халқының бала тәрбиесіне байланысты әдет- ғұрыптары –  8 cағат.   Бұл  бөлімде оқушылар қазақ халқының ең үлкен  салт - дәстүрлері: амандасу салты,  ұлттық отбасы тәрбиесі,бала тәрбиесіне байланысты шілдехана, балаға ат қою, бесік той, бесік жырлары, тұсау кесу, сүндет той, бауырына салу, асырап алу  туралы білімдерін кеңейтеді.Өйткені қазақ халқы бала тәрбиесіне ерекше көңіл бөлген.                                   

ІІ - бөлім. Тұрмыс – салт  дәстүрлері – 8 сағат. Бұл бөлімде киіз үй (сыйлы орын «төр»; үй иесінің орны; аспаздық бөлігі; отбасындағы жастар орны; ат-әбзелдер сақтайтын орын; «босаға мен кіре беріс»; киіз үйдің ортасы- ошақ туралы әңгімелеу), киіз үйдің жиһаздары, қолөнер түрлері, ұлттық киімдер мен ұлттық тағамдар туралы білімдерін толықтырады.

ІІІ - бөлім. Ата кәсіп - 4 cағат. . Халқымыздың ата кәсіптерімен таныстыру. Қазақтың көшпелі тұрмысындағы төрт түлік малдың ерекше алатын орны туралы әңгімелеу. Егіншілік, аңшылық, балық аулау кәсіптерімен таныстыру.   Қазақтың ең көне ұлттық өнері – атбегілік туралы үйрету. Құсбегілік өнердің қыр-сыры, алатын орны туралы әңгімелеу.

ІV - бөлім. Әлеуметтік- мәдени  салт - дәстүрлер. – 13 сағат. Туыстық қарым – қатынастар (үлкенді сыйлау, кішіге қамқоршы болу, «жеті ата», «жеті қазына», «жеті» саны т.б.) және оның ерекшеліктері  туралы әңгімелеу. Үйлену-үй болуға байланысты салт- дәстүрлер, қонақ күту, халықтық ұлттық мерекелерді өткізу, өлікті жөнелту рәсімдерімен таныстыру. Ұлттық музыкалық аспаптары туралы оқушының дүниетанымын кеңейту.

Жоба қорғау – 1 сағат


Нормативтік бөлім                                                                                                                                                              8-сынып. Сағат саны-34                                                                                                                                                                 Апталық сағат саны – 1 сағат

Р.с

Тақырыптың аты

Оқу мақсаты

Сағат саны

Білім өнімі




Барлы-ғы

Лекция

теория

Тәжі-рибе


1

Кіріспе.

«Ұлттық құндылықтарымызды бағалайық!» атты элективті курстың мазмұнымен, мақсатымен таныстыру.

1

1


Әңгімелеу

№1 бөлім. Қазақ халқының бала тәрбиесіне байланысты әдет-ғұрыптары

№1 Бөлімше. Барлығы 9 сағат: теория 6 , тәжірибе 3

 1.1

Амандасу салты

Қазақ халқының амандасу салтын білу,сақтау

1


1

Бейнеклип

дайындау

 1.2

Шілдехана

Сәби өмірге келгенде жасалатын ырым-тыйымдар туралы білу, өмірде қолдану.

1

1


Слайд жасау

1.3

Балаға ат қою


Халқымыздың ат қою дәстүрлерін сақтау.

1


1

Жоба қорғау

1.4

Бесік тойы

Бесік тойына байланысты дәстүрлерді білу, өмірде қолдану.

1

1


Эссе жазу

1.5

Бесік жырлары

Бесік жырларын білу

1


1

Жырлар жинағын құрастыру

1.6

Тұсау кесу

Тұсау кесуге байланысты дәстүрлері білу, сақтау

1

1


Презента-ция

1.7

Атқа мінгізу тойы

Халқымыздың ұмыт болған салт - дәстүрін еске түсіру, оқушының танымдық қабілетін дамыту.

1

1


Әңгімелеу

1.8

Сүндет той

Сүндет тойдың маңыздылығын, денсаулыққа пайдасын білу;

1

1


Бейне

ролик

1.9

Тілашар тойы

Тілашар тойы арқылы баланың білімге дегенынтасын, қызығушылығын арттыру.

1

1


Слайд жасау

№2 бөлім Тұрмыс-салт дәстүрлері

Барлығы 7 сағат: теория 2, тәжірибе 4, зертханалық жұмыс 1

2.1

Киіз үй. Киіз үйдің түрлері

Киіз үй, киіз үйдің түрлерімен таныстыру.

Киіз үйді заманына сәйкес жаңғырту.

        1


     1

Заманауи   макет жасау

2.2

Қара шаңырақ


Қара шаңырақтың қадірін білу, қара шаңырақты құрметтеу.

1

1


Ой толғау

2.3

Қолөнер. Қолөнердің түрлері

Халқымыздың қолөнер түрлерін білу, қолөнерімізді заманға сәйкес жаңғырта білу.

1


1

Буклет жасау

2.4

Ұлттық киімдер

Ұлттық киімдерімізді насихатттау,заманға сәйкес жаңғырта білу

1


1

Альбом жасау

2.5

Ою. Оюдың түрлері

Ұлттық ою-өрнектеріміздің түрлерін білу, ою-өрнектеріміздің сырын түсіну.

1


1

Зертхана-лық жұмыс

2.6

Қоржын 

Қоржын тігіп үйрену, қоржынның ерекшелігін, тәрбиелік мағынасын білу.

1


1

Қоржын тігу

2.7

Қазақ  дастарханы

Қазақ  дастарханының ерекшелігін, тәрбиелік мағынасын білу.

1

1


Бейне ролик. Ас мәзірін дайындау

№3 бөлім  Ата кәсіп.     Барлығы 4 сағат: теория 4 сағат

3.1

Төрт түлік 

Төрт түліктің аттарын білу, төрт түлікке байланысты тақпақтарды жатқа айту.

     1

     1


Зерттеу жұмысы

3.2

Қазақтың егіншілік кәсібі

Қазақтың егіншілік кәсібі туралы айта білу

     1

1


Баяндама

3.3

Аңшылық кәсібі

Аңшылық кәсіптің тәрбиелік мәні туралы айта алу

     1

1


Реферат

3.4

Балық аулау кәсібі

Халқымыздың балық аулау кәсібінің ерекшелігін білу

     1

1


Мәтін құрастыру

№4 бөлім. Әлеуметтік-мәдени салт-дәстүрлер

Барлығы: 12 сағат: теория 6, тәжірибе 6. 

4.1

Туыстық

 қарым қатынастар

Туыстық атауларды білу,туыстық

қарым –қатынастарды сақтауға тәрбиелеу 

      1

      1


Эссе жазу

4.2

Жеті ата

Жеті атаны білудің маңыздылығын түсіну

     1


    1

Жеті атасын жаздыру

4.3

Жеті қазына

Жеті қазынаны білу

     1

     1


Буклет

4.4

Қонақты қарсы алу мен күту рәсімдері

Қонақты қарсы алу мен күту рәсімдерін білу, қонақты дұрыс күте білуге тәрбиелеу

     1


     1 

Кеңес беру

4.5

Шешендік сөздер

Шешендік сөздердің мағынасын түсіну, үзінділер жаттау

     1


      1

Презента-ция

4.6

Айтыс

Айтыс өнерінің ерекшелігі, тәрбиелік мәні туралы білу.

     1

    1


Өлең шығару

4.7

Наурыз мейрамы

Наурыз мейрамының ерекшелігі, маңызы туралы білу; наурыз мейрамына байланысты өлеңдерді жатқа айта алу.

1


1

Презента-ция

4.8

Музыкалық аспаптар

Ұлттық музыкалық аспаптарды білу, күйлер тыңдау.


1

1


Альбом жасау

4.9

Ұлттық ойындар және оның түрлері

Ұлттық ойындарымызды және оның түрлерін дәріптеу, сақтау.

1


1

Зерттеу

жұмысы

4.10

 «Асық» ойыны


«Асық» ойынын ойнай білу, жаңғырту


1


1

Ойынның ережелерін құрастыру

4.11

«Тоғызқұмалақ» ойыны

«Тоғызқұмалақ» ойынын үйрету, насихаттау

1

1


Бейне

ролик

4.12

Той ойындары. 


Той ойындарын ойнату,заманға сай жаңғырту

1

1


Эссе жазу

34

Жоба қорғау


Алған білімдерін қорытындылау

1


1

жоба


Барлығы


34

17

17


9-сынып. 

Р.с

Тақырыптың аты

Оқу мақсаты

Сағат саны

Білім 

өнімі




Барлығы

Лекция

теория

Тәжірибе


1

Кіріспе.

«Ұлттық құндылықтарымызды бағалайық!» атты элективті курстың мазмұнымен, мақсатымен таныстыру.

1

1


Әңгіме

№1 бөлім. Қазақ халқының бала тәрбиесіне байланысты әдет-ғұрыптары

№1 Бөлімше. Барлығы 9 сағат: теория 6, тәжірибе 2, зертхан. жұмыс 1 

  1.1

Балаға ата тегін үйрету

Жеті атасын білу, туыстық қарым-қатынасты сақтай білуге тәрбиелеу

1


1

  Клип шығару 

1.2

1.3

Тоқым қағу тойы


2

1

1

Слайд жасау

1.4

«Бауырына салу» дәстүрі 

«Бауырына салу» дәстүрінің маңызын түсіндіру, жаңғырту.

1


1

Зертхан.

жұмыс

1.5

1.6

Бала асырап алу салты

Бала асырап алу салтының тәрбиелік мәнін түсіну

2

2


Эссе жазу

1.7

Баланың дене бітіміне байланысты сандар мен ырымдар

Қазақ халқының ырым-тыйымдарының тәрбиелік маңызын түсіну, айта білу

1


1

Жырлар жинағын құрастыру

1.8

«Он үште – отау иесі»

Отбасылық тәрбиеге ерекше мән беру, қазақтың отбасына байланысты дәстүрлерін сақтау.

1

1


Презентация

1.9

Бастаңғы

Өз ойын әсерлі, мазмұнды жеткізе білуге үйрету

1

1


Әңгіме құрастыру

№2 бөлім Тұрмыс-салт дәстүрлері

Барлығы 7 сағат: теория 3, тәжірибе 3, зертханалық жұмыс 1

2.1

 Киіз үйдің жабдықтары

Негізгі ақпаратты анықтау, постер құрастыру

1


1

Флипчартпен

жұмыс

2.2

Алаша,  текемет, кілем

Ұлттық қолөнерімізді дәріптеу, жаңғырту

1

1


Ой толғау

2.3

Сандық, кебеже

Сандық пен кебежені тұрмыста қоланудың     пайдасын түсіну

1


1

Сандықша жасау

2.4

Сәукеле жасау

Сәукеленің ерекшелігімен таныстыру

1


1

Сәукеле жасау

2.5

Ою. Оюдың түрлері

Ұлттық ою-өрнектеріміздің түрлерін білу, ою-өрнектеріміздің сырын түсіну.

1


1

Зертхан. жұмыс

2.6

Зергерлік бұйымдар

Зергерлік бұйымдарды қадірлеу, дәріптеу

1

1


Алқа, білезік

тарихы туралы презентация

2.7

Табақ жасау (бас табақ, сый табақ, күйеу табақ т.б)

Қонаққа дұрыс табақ тарта білуге үйрету, тәрбиелеу

1

1


Оқтау, тақта жасау

№3 бөлім  Ата кәсіп.     Барлығы 4 сағат: теория 4 сағат

3.1

Құсбегілік

Құсбегілік дәстүрімізді мақтан тұту,     дәріптеу

1

1


Клип шығару

3.2

«Қыран федерациясы» қоғамдық  қоры

Құсбегілік дәстүрімізді мақтан тұту,     дәріптеу

1

1


Баяндама

3.3

Атбегі

Халқымыздың ұмыт болған салт - дәстүрін еске түсіру, оқушының танымдық қабілетін дамыту.

1

1


Слайд жасау

3.4

Бәйгеге қосатын жүйріктер

Атбегілік дәстүрімізді дамыту

1

1


Мәтін құрастыру

№4 бөлім. Әлеуметтік-мәдени салт-дәстүрлер

Барлығы: 12 сағат: теория 5, тәжірибе 7

4.1

Ағайын-туыс атаулары

Туыстық қарым-қатынасты сақтай білуге тәрбиелеу

1


1

Эссе жазу

4.2

Сүйек жаңғырту

Сүйек жаңғырту дәстүрінің маңызын түсіндіру

1

1


Жеті атасын білу

4.3

Асар

Өмірлік жағдайларға байланысты көмек көрсете білу

1

1


Буклет

4.4

Құда түсу

Отбасылық тәрбиеге ерекше мән беру, қазақтың отбасына байланысты дәстүрлерін сақтау

1


1

Кеңес беру

4.5

Қыз ұзату тойы

Қыз ұзату тойына байланысты жырларды білу(сыңсу)

1


1

Презентация

4.6

Үйлену тойы. Беташар

Беташар жырының ерекшелігімен таныстыру, білу

1

1


Өлең жинағын шығару

4.7

Келін түсіргенде орындалатын салт дәстүрлер. Келін шай.

Отбасылық тәрбиеге ерекше мән беру, қазақтың отбасына байланысты дәстүрлерін сақтау

1

1


Презентация

4.8

Тойда айтылатын өлеңдер, тілектер

Тойда айтылатын өлеңдер, тілектерді айта алу

1


1

Өлеңдер жинағын құрастыру

4.9

Некеге отыру

Некеге отырудың маңыздылығын түсіндіру

1

1


Зерттеу

жұмысы

4.10

Есік ашар мен төркіндеу

Тақырыпқа байланысты өз ойын айта білу

1


1

Мәтін құрастыру

4.11

Қалың мал

Қалың малдың тәрбиелік мәнін түсіну

1


1

Эссе жазу

4.12

 Жасау беру

Қыз баланың жасауын берудің тәрбиелік мәнін түсіну

1


1

Бейне дайындау

4.13

Жоба қорғау

Алған білімдерін қорытындылау

1


1

Жоба 


Барлығы


34

18

16


10 - сынып

Р.с

Бөлім

Бөлімше

Тақырып

Оқу мақсаты

Сағат саны

Білім өнімі

Барлығы

Лекция

Теория

Тәжірибе

1

Кіріспе.

Элективті курстың мазмұнымен, мақсатымен таныстыру.

1

1


Әңгімелеу


1  бөлім. Қазақ халқының бала тәрбиесіне байланысты әдет-ғұрыптары

№1 Бөлімше. Барлығы  8 сағат: теория 6 , тәжірибе 1

1.1.

Бала тәрбиесіндегі ата- ананың рөлі

Ата-ананың рөлін түсіндіру

1

1


Презента-ция жасау 

1.2.

Жеті, тоғыз, он екі, қырық сандарына байланысты ырымдар.

Жеті, тоғыз, он екі, қырық сандарына байланысты ырымдардың

ерекшелігімен таныстыру, білу.

1

1


Слайд

Жасау

1.3

Тоқым қағу тойы

Тоқым қағу тойының маңыздылығын

түсіну, айта білу.

1


1

Зерттеу

Жұмысы

1.4

Қозы жасы

Тақырыпқа байланысты өз ойын айта білу

1

1


Эссе жазу

1.5

Қой жасы

Қой жасы туралы білімдерін кеңейту

1

1


Ойтолғау

1.6

Жылқы жасы

Жылқы  жасы туралы білімдерін кеңейту

1

1


Әңгімелеу

1.7

Патша жасы

Патша  жасы туралы білімдерін кеңейту

1

1


Әңгімелеу


№2 бөлім Тұрмыс-салт  дәстүрлері

Барлығы 8 сағат: теория 4, тәжірибе 4.

2.1

 Киіз үйдің киіздері

Киіз үйдің киіздерімен таныстыру.

Киіз үйді заманына сәйкес жаңғырту.

1


1

Флипчарт- пен

Жұмыс

2.2

Теріден жасалатын бұйымдар

Оқушының танымдық қабілетін дамыту.

1

1


Слайд

2.3

Ағаштан жасалатын бұйымдар

Ағаштан жасалатын бұйымдармен таныстыру, білу


1


1

Сандықша жасау

2.4

2.5

Құрақ көрпе

Ұлттық қолөнерімізді дәріптеу, жаңғырту.

2

1

1

Құрақ көрпе тігу

2.6

Космогондық оюлар

Космогондық оюлармен таныстыру, ою -өрнектерді дұрыс

қолдана білу.

1


1

Зерттеу жұмысы

2.7

Шолпы, шашбау, бойтұмар т.б.

Қазақтың зергерлік бұйымдарының ерекшеліктерімен таныстыру

1

1


Альбом жасау

2.8

Ұлттық тағамдарды

сақтау әдістері

Ұлттық тағамдарды сақтаудың әдістерін білу, өмірде пайдалану

1

1


«Синквейн

стратегия-сы


№3 бөлім  Ата кәсіп. 

 Барлығы 4 сағат: теория сағат

3.1

Жылқы малдың патшасы

Жылқы   туралы білімдерін кеңейту

1

1


Зерттеу жұмысы

3.2

Түйе бағу

Түйе бағудың пайдасын түсіндіру

1

1


Бейне  ролик

3.4

Саятшылық-тың байырғы түрі – ит қосу

Тақырыпқа байланысты өз ойын айта білу

1

1


Слайд жасау

3.5

Құс салу

«Құс салу» дәстүрінің ерекшелігін түсіну, жаңғырту.


1

1


Бейне

Ролик


№4 бөлім. Әлеуметтік - мәдени салт - дәстүрлер

Барлығы: 14 сағат: теория 9, тәжірибе 3, 

4.1

Қазақ ауылы

Қазақ ауылының ерекшелігімен таныстыру, білу

1

1


Эссе жазу

4.2

Рулық қоғамдық бірлестік

Оқушының танымдық қабілетін дамыту

1

1


Жеті атасын білу

4.3

Жігіттің үш жұрты

Жігіттің үш жұртын білу маңыздылығын түсіндіру

1

1


Ой толғау

4.4

Өнер алды- қызыл тіл

Шешендік сөздердің мағынасын түсіну, үзінділер жаттау

1


1

Шағын көрініс

4.5

Діни мейрамдар

Діни мейрамдардың маңызын түсіндіру. 

1

1


Бейне

Көрініс

4.6

Ұрын келу немесе ілу тойы

Қазақтың отбасына байланысты дәстүрлерін білу

1

1


Презента

Ция

4.7

Бүгінгі күннің салт –дәстүрлері

Бүгінгі күннің салт –дәстүрлерін білуге үйрету, тәрбиелеу

1

        1


Слайд

4.8

Тойда айтылатын өлеңдер, тілектер

Өлеңдерді, тілектерді жаттау

1

1


Жинақ құрастыру

4.9

Жерлеу  және ас беру рәсімдері

Жерлеу  және ас беру рәсімдері туралы мағлұмат беру

1

1


Әңгімелеу

4.10

4.11

Қазақтың халық әндері

Қазақтың халық әндерінің тәрбиелік мәнін түсіну

2

1

1

Зерттеу

жұмысы

4.12

 Жыл қайыру

Оқушының танымдық қабілетін дамыту

1

1


Мәтін құрастыру

4.13

Ізденіс сабағы

қайталау

1



Эссе жазу

4.14

Жоба қорғау

Алған білімдерін қорытындылау

1


1

Жоба


Барлығы:


34

26

8


11 - сынып

Р.с

Бөлім

Бөлімше

Тақырып

Оқу мақсаты

Сағат саны

Білім өнімі

Барлығы

Лекция

Теория

Тәжірибе

1

Кіріспе.

Элективті курстың мазмұнымен, мақсатымен таныстыру.

1

1


Әңгімелеу


1  бөлім. Қазақ халқының бала тәрбиесіне байланысты әдет-ғұрыптары

№1 Бөлімше. Барлығы  8 сағат: теория 6 , тәжірибе 1

1.1.

Бала тәрбиесіндегі ата- ананың рөлі

Ата-ананың рөлін түсіндіру

1

1


Презента-ция жасау 

1.2.

Жеті, тоғыз, он екі, қырық сандарына байланысты ырымдар.

Жеті, тоғыз, он екі, қырық сандарына байланысты ырымдардың

ерекшелігімен таныстыру, білу.

1

1


Слайд

Жасау

1.3

Тоқым қағу тойы

Тоқым қағу тойының маңыздылығын

түсіну, айта білу.

1


1

Зерттеу

Жұмысы

1.4

Қозы жасы

Тақырыпқа байланысты өз ойын айта білу

1

1


Эссе жазу

1.5

Қой жасы

Қой жасы туралы білімдерін кеңейту

1

1


Ойтолғау

1.6

Жылқы жасы

Жылқы  жасы туралы білімдерін кеңейту

1

1


Әңгімелеу

1.7

Патша жасы

Патша  жасы туралы білімдерін кеңейту

1

1


Әңгімелеу


№2 бөлім Тұрмыс-салт  дәстүрлері

Барлығы 8 сағат: теория 4, тәжірибе 4.

2.1

 Киіз үйдің киіздері

Киіз үйдің киіздерімен таныстыру.

Киіз үйді заманына сәйкес жаңғырту.

1


1

Флипчарт- пен

Жұмыс

2.2

Теріден жасалатын бұйымдар

Оқушының танымдық қабілетін дамыту.

1

1


Слайд

2.3

Ағаштан жасалатын бұйымдар

Ағаштан жасалатын бұйымдармен таныстыру, білу


1


1

Сандықша жасау

2.4

2.5

Құрақ көрпе

Ұлттық қолөнерімізді дәріптеу, жаңғырту.

2

1

1

Құрақ көрпе тігу

2.6

Космогондық оюлар

Космогондық оюлармен таныстыру, ою -өрнектерді дұрыс

қолдана білу.

1


1

Зерттеу жұмысы

2.7

Шолпы, шашбау, бойтұмар т.б.

Қазақтың зергерлік бұйымдарының ерекшеліктерімен таныстыру

1

1


Альбом жасау

2.8

Ұлттық тағамдарды

сақтау әдістері

Ұлттық тағамдарды сақтаудың әдістерін білу, өмірде пайдалану

1

1


«Синквейн

стратегия-сы


№3 бөлім  Ата кәсіп. 

 Барлығы 4 сағат: теория сағат

3.1

Жылқы малдың патшасы

Жылқы   туралы білімдерін кеңейту

1

1


Зерттеу жұмысы

3.2

Түйе бағу

Түйе бағудың пайдасын түсіндіру

1

1


Бейне  ролик

3.4

Саятшылық-тың байырғы түрі – ит қосу

Тақырыпқа байланысты өз ойын айта білу

1

1


Слайд жасау

3.5

Құс салу

«Құс салу» дәстүрінің ерекшелігін түсіну, жаңғырту.


1

1


Бейне

Ролик


№4 бөлім. Әлеуметтік - мәдени салт - дәстүрлер

Барлығы: 14 сағат: теория 9, тәжірибе 3, 

4.1

Қазақ ауылы

Қазақ ауылының ерекшелігімен таныстыру, білу

1

1


Эссе жазу

4.2

Рулық қоғамдық бірлестік

Оқушының танымдық қабілетін дамыту

1

1


Жеті атасын білу

4.3

Жігіттің үш жұрты

Жігіттің үш жұртын білу маңыздылығын түсіндіру

1

1


Ой толғау

4.4

Өнер алды- қызыл тіл

Шешендік сөздердің мағынасын түсіну, үзінділер жаттау

1


1

Шағын көрініс

4.5

Діни мейрамдар

Діни мейрамдардың маңызын түсіндіру. 

1

1


Бейне

Көрініс

4.6

Ұрын келу немесе ілу тойы

Қазақтың отбасына байланысты дәстүрлерін білу

1

1


Презента

Ция

4.7

Бүгінгі күннің салт –дәстүрлері

Бүгінгі күннің салт –дәстүрлерін білуге үйрету, тәрбиелеу

1

        1


Слайд

4.8

Тойда айтылатын өлеңдер, тілектер

Өлеңдерді, тілектерді жаттау

1

1


Жинақ құрастыру

4.9

Жерлеу  және ас беру рәсімдері

Жерлеу  және ас беру рәсімдері туралы мағлұмат беру

1

1


Әңгімелеу

4.10

4.11

Қазақтың халық әндері

Қазақтың халық әндерінің тәрбиелік мәнін түсіну

2

1

1

Зерттеу

жұмысы

4.12

 Жыл қайыру

Оқушының танымдық қабілетін дамыту

1

1


Мәтін құрастыру

4.13

Ізденіс сабағы

қайталау

1



Эссе жазу

4.14

Жоба қорғау

Алған білімдерін қорытындылау

1


1

Жоба


Барлығы:


34

26

8



Ақпараттық-әдістемелік бөлім

Оқушылардың оқу жетістіктерін бағалау жүйесі: мұғалімнің қойған талабы бойынша жұмыстарды әзірлеу; орындаған тапсырмаларын талапқа сай рәсімдеу; деңгейлік тапсырмалар; өзін- өзі бағалау; бірін -бірі бағалау; «Бағдаршам» стратегиясы; стикермен бағалау, дискрипт арқылы бағалау, қалыптастыру және жиынтық бағалау.

 Интернет технологияларды қолдану; қосымша ақпараттарды дұрыс қолдана білу; баяндама дайындау; өз жұмысы бойынша презентация жасау және көпшіліктің алдында қорғау; зерттеу жұмыстарын жүргізу; жоба қорғау.

Бағалау критерийлері:

«10-12»- тақырыптың мазмұны мен идеясын еркін түсінеді; тақырып бойынша көтерілген мәселеге байланысты өз пікірін , көзқарасын білдіре алады; қосымша ақпараттарды тиімді пайдалана отырып өз ойын жүйелі түрде еркін жеткізеді; шығармашылық қабілеті жоғары.

            «7-9» - тақырып бойынша жаңа сөздер мен сөз тіркестерін дұрыс қолдана алады; қазақ тіліндегі қарапайым сөйлеуүлгілері арқылыөз ойын жеткізе біледі; тақырып бойынша сыныптастарымен тілдеседі , сұхбаттасады; жазылым тапсырмаларында қателер жібереді.

             «4-6»- тақырып  бойынша қарапайым сұрақтарға ғана жауап бере алады; сөйлемдегі сөздердің орын тәртібін дұрыс сақтамайды; өз ойын жеткізуде тақырып аясынан ауытқу байқалады;   жазылым тапсырмаларында орфорграфиялық   қателерді көп жібереді

             «0-3» сөздік қорының аздығынан берілген тапсырмаларды мүлдем орындай алмайды; жазылым тапсырмаларында өте көп қате жібереді; жаңа сөздер мен сөз тіркестерін оқи алмайды, есте сақтамайды. 

Бағалау  критерийлерімен  таныстырудың үлгісі:

Критерийі       

Жалпы ұпай саны 

Алған       ұпайы

Бағасы

А критерийі    




В критерийі    




С критерийі






“5”  -  10-12    ұпай  (86-100%

“4”  -  7-9    ұпай   (66%- 80%)

“3”   -  4-6    ұпай  (40%-60%)

«2»   - 0 –5   ұпай(33%  - )







       Критерий 

                              Дискрипторлар 

Сөздік жұмысы


Төмендегі талаптардың ешқайсысы қамтылмаған балса “0” ұпай алады. 

Жаңа сөздермен сөз тіркестерін құрастыра білсе «2» ұпай алады.

Жаңа сөздер мен сөз тіркестерінен сөйлемдер құрастырса «3» ұпай алады.

Жаңа сөздер мен сөз тіркестерін сөйлемде дұрыс қолдана отырып , мәтін құрастыра білсе «4» ұпай алады.


      Критерий 

                              Дискрипторлар 

Мәтінмен жұмыс

Төмендегі талаптардың ешқайсысы қамтылмаған болса “0” ұпай алады. 

Мәтін бойынша сұрақтар құрастырып, сол сұрақтарға жауап бере алса, 

онда «3» ұпай

Мәтін бойынша түсінгенін әңгімелей алса, онда “4” ұпай алады. 

Мәтіннің мазмұнын әңгімелей отырып, тақырып бойынша өзінің білетінін қосып, толықтырып айтса, онда “5” ұпай алады. 


       Критерий

                           Дискрипторлар

Жаңа тақырыпқа 

постер құрату, қорғау

Төмендегі талаптардың ешқайсысы қамтылмаған болса “0” ұпай алады

Постер құраған, бірақ мазмұны ашылмаған болса «3» ұпай алады

Постер құраған, жаңа сабақ туралы түсінік аз, мысал келтіре алмаса

«4» ұпай алады

Жаңа тақырыпты толық түсініп, постер арқылы тақырыптың мазмұны толық ашылған болса «5» ұпай алады.



Қолданылған әдебиеттер тізімі:

1 С.Қалиев, М. Оразаев, М. Смайылов. Қазақ халқының салт-дәстүрлері. Алматы, «Рауан», 1994ж.

2. Әбділдабеков М. «Қазақ халқының  тұрмыс салты». Қазақстан мұғалімі.1990ж

3.Наурызбаева Р.   «Халықтық педагогиканың этнологиялық бағыттары»   Қазақстан мектебі   2008ж.

4.Этнопедагогика. Республикалық ғылыми әдістемелік журнал. 2009ж.

5.  Сағындықов Е. Қазақтың ұлттық ойындары «Рауан» 1991ж.

6.Арғынбаев Х.А. Қазақ халқындағы семья мен неке. Алматы, «Ғылым», 1973ж. 

7. Наурызбаева Р.  «Халықтық педагогиканың этнологиялық бағыттары»  Қазақстан мектебі   2008ж.

8.  Ғабдуллин М. Қазақ халқының ауыз әдебиеті. Алматы, «Мектеп», 1987ж.

9. Жанұзақов Т. Есіміңіз кім? Алматы, «Жазушы», 1989ж.

10. Измаилов А.Ә. Народные педагогики Средней Азии и Казахстана. Алматы, «Педагогика», 1991ж.

11.Омирбекова М.Ш.   «Традиционная культура казахов».  Алматыкітап. 2004ж.   

12. «Мәңгілік ел» идеясы -  ұлттық идеология. Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру


Қосымша

Шығармашылық жұмыстардың, жобалардың тақырыптары:

1.Реферат, буклет, Альбом, Презентация Power Point «Әдет-ғұрып», «Салт-дәстүрлер», «Қолөнер»,«Ұлттық тағамдар»,«Ата кәсіп», «Ұлттық ойындар»  модульдері бойынша.

2.Тақырыптық презентация, көрме, оқулық жоба «Сөзжұмбақтар», «Шілдехана», «Тұсау кесу тойы», «Үйлену тойы», «Киіз үй», «Зергерлік бұйымдар», «Қыз қуу».

3.Шығармалар, эссе: «Маған ұнайтын салт-дәстүр», « Жеті атаны неге білу керек?», «Мен қатысқан той», «Оюлар сөйлейді», «Асық ойындары»

4. Модельдер жасау: Киіз үй

5. Мұражайларға экскурсия

          Практикалық жұмыстар:

  1. Шаңырақ жасау
  2. Кереге жасау
  3. Киіз үй жасау
  4. Оюлар ою
  5. Қоржын тігу
  6. Сәукеле жасау
  7. Сандықша  жасау           
  8.  Бесік жырларының жинағын жасау  
  9.  Ыдыстарға ою салу  


                  Интернет ресурстар: 

Амандасу:  https://www.youtube.com/watch?v=IZ6sjXMATEQ

шілдехана : https://www.youtube.com/watch?v=fbrTiDHryIk

бала тәрбиесі  :    https://bilim-all.kz/article/1945