1 сыныпқа қабылдау » Коммунальное государственное учреждение «Школа-гимназия №94» Управления образования г.Алматы
Алматы қаласы Білім басқармасының
«№94 мектеп-гимназия»
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі:
+7(727) 392-00-55
Есепші бөлімі:
+7(727) 392-00-59
Нашар көрушілер
нұсқасы
01
сәуір
2024

1 сыныпқа қабылдау

1 сыныпқа қабылдау
Құрметті ата-аналар, ұстаздар, балалар, ағымдағы жылғы 1 сәуірден бастап 2024-2025 оқу жылына 1 сыныпқа құжат қабылдау басталды!
         ҚР БжҒМ-ң 16.10.2018 жылғы № 564 бұйрығына сәйкес, жалпы білім беретін оқу бағдарламаларын іске асыратын мектептердің бірінші сыныбына қабылданатын балалардың ата-аналарынан немесе өзге де заңды өкілдерінен құжаттарды қабылдау ағымдағы күнтізбелік жылдың 1 сәуірінен бастап 1 тамызына дейін жүзеге асырылады.
1-сыныпқа 6 жастан бастап балалар ата-анасының немесе білім алушылардың заңды өкілінің жеке өтініші негізінде қабылданады.
Ата-ана адын-ала мектепті белгілеп, egov.kz веb порталы  арқылы және қағаз түрінде өз өтініштерін тапсыра алады.
Өткен жылғы қабылдауға жүргізген талдауға сәйкес, ата-аналардың 80%-ы электрондық портал арқылы өтініш берді.