29 қазанда Қазақстанда "Қамқоршы күні" мерекесі атап өтіледі. » Коммунальное государственное учреждение «Школа-гимназия №94» Управления образования г.Алматы
Алматы қаласы Білім басқармасының
«№94 мектеп-гимназия»
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі:
+7(727) 392-00-55
Есепші бөлімі:
+7(727) 392-00-59
Нашар көрушілер
нұсқасы
30
қазан
2023

29 қазанда Қазақстанда "Қамқоршы күні" мерекесі атап өтіледі.

29 қазанда Қазақстанда "Қамқоршы күні" мерекесі атап өтіледі.
"Қамқоршы күні" - бұл ерекше мереке, әртүрлі себептермен ата-анасы жоқ балаларды тәрбиелеу жауапкершілігін өз мойнына алған адамдар үшін мереке. Мереке құрметіне 30 қазан күні Бостандық ауданының қамқоршылары, оқушылары мен әлеуметтік педагогтарының қатысуымен концерт өтті. Бостандық ауданы РҚБ басшысы Қасымбекова Айгүл Жұмабекқызы қамқоршыларды алғыс хаттармен марапаттады. Қамқоршылар "Қамқоршы күніне" құрмет грамоталарын ризашылықпен қабылдады және аталған іс-шараны ұйымдастырушыларға көрсеткен назары үшін алғыс білдірді.
Сондай-ақ, мектеп әкімшілігі мен ұжымынан қамқоршыларға алғыс хаттар мен жетім балаларға және ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларға сыйлықтар табысталды. Әрбір қамқоршы өзінің жақсы іс істеп жатқанын сезінді.
#94школагимназия #біртұтас_тәрбие