Мұғалімнің бос лауазымына орналасуға конкурс өткізу туралы хабарландыру Хабарландыру » Коммунальное государственное учреждение «Школа-гимназия №94» Управления образования г.Алматы
Алматы қаласы Білім басқармасының
«№94 мектеп-гимназия»
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі:
+7(727) 392-00-55
Есепші бөлімі:
+7(727) 392-00-59
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » Мұғалімнің бос лауазымына орналасуға конкурс өткізу туралы хабарландыру Хабарландыру
03
шілде
2023

Мұғалімнің бос лауазымына орналасуға конкурс өткізу туралы хабарландыру Хабарландыру

Мұғалімнің бос лауазымына орналасуға конкурс өткізу туралы хабарландыру
Хабарландыру
Мұғалім (оқыту тілі Орыс тілі): Музыка мұғалімі,  орыс тілі мен әдебиеті мұғалімі, әлеуметтік педагог   бос лауазымына орналасуға конкурс өткізу туралы хабарландыру (орыс тілінде оқытатын сыныптарда) 
1. Мемлекеттік ұйымның атауы: «№94 мектеп-гимназиясы» КММ, Алматы қаласы,050046, Гагарин даңғылы, 135а / Сатпаев 64а, тел.:8/727/392/00/59, пошта: Shkolagimnaziya@mail.ru
2.Лауазымы: мұғалімнің оқу жүктемесі 16 сағат,  еңбекақы 150-200 т.т. (Еңбекке ақы төлеу мөлшері мен шарттары)
3.Конкурсқа қатысушыға қойылатын талаптар (сайтта тіркелу enbek.kz):
- техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі педагогикалық білім (бастауыш сыныптар үшін), жоғары арнайы педагогикалық немесе жоғары кәсіптік білім.
- педагогикалық қызметті жүзеге асыру кезінде бұдан басқа «педагог», «педагог-модератор», «педагог-сарапшы», «педагог-зерттеуші» немесе «педагог-шебер» біліктілік санатының болуы.
4. Құжаттарды қабылдаудың басталу және аяқталу күні мен уақыты: Хабарландыру жарияланған күннен бастап 7 жұмыс күні. Таңғы 9.00-ден 17.00-ге дейін, түскі ас 13.00-14.00. Шақыру enbek.kz порталы арқылы жіберіледі.
5Байқауға қатысушы тапсыруы керек құжаттар тізімі:
     1) Конкурсқа қатысу туралы өтініш (10-қосымшаға қоса беріліп отырған құжаттардың тізімін көрсете отырып);
     2) Жеке басын куәландыратын құжат не цифрлық құжаттар сервисінен алынған электронды құжат (идентификация үшін);
     3) Кадрларды есепке алу бойынша толтырылған жеке іс парағы (нақты тұрғылықты мекенжайы мен байланыс телефондары көрсетілген – бар болса);
     4) Педагогтердің үлгілік біліктілік сипаттамаларымен бекітілген лауазымға қойылатын біліктілік талаптарына сәйкес білімі туралы құжаттардың көшірмелері;
     5) Еңбек қызметін растайтын құжаттың көшірмесі (бар болса);
     6) "Денсаулық сақтау саласындағы есепке алу құжаттамасының нысандарын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің міндетін атқарушының 2020 жылғы 30 қазандағы № ҚР ДСМ-175/2020 бұйрығыменбекітілген нысан бойынша денсаулық жағдайы туралы анықтама (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 21579 болып тіркелген).
     7) Психоневрологиялық ұйымнан анықтама;
     8) Наркологиялық ұйымнан анықтама;
     9) Ұлттық біліктілік тестілеу сертификаты (бұдан әрі – ҰБТ) немесе педагог-модератордың, педагог-сарапшының, педагог-зерттеушінің, педагог-шебердің біліктілік санатының болуы туралы куәлік (болған жағдайда).
     10) 11-қосымшаға сәйкес нысан бойынша педагогтің бос немесе уақытша бос лауазымына кандидаттың толтырылған Бағалау парағы;
11) Түйіндеме.  Конкурсқа қатысу үшін кандидат конкурс жариялаған мемлекеттік органның қарауына оның кәсіби жетістіктері, біліктілігін арттыруы, ғылыми зерттеулері, өзінің педагогикалық тәжірибесін жинақтауы, наградалары туралы материалдарды, тиімділік көрсеткіштеріне (олар болған жағдайда) қол жеткізу туралы ақпаратты қосымша ұсынады.
Үміткер бар болған жағдайда оның білімі,  жұмыс тәжірибесі, кәсіби деңгейіне қатысты қосымша ақпаратты (біліктілікті арттыру, білім/ғылыми дәрежелер мен атақтар беру туралы құжаттардың көшірмелері, ғылыми немесе әдістемелік басылымдар, біліктілік санаттары, алдыңғы жұмыс орын басшысының ұсынымдары) ұсынады.