Техникалық тапсырма. 2-қосымша » Коммунальное государственное учреждение «Школа-гимназия №94» Управления образования г.Алматы
Алматы қаласы Білім басқармасының
«№94 мектеп-гимназия»
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі:
+7(727) 392-00-55
Есепші бөлімі:
+7(727) 392-00-59
Нашар көрушілер
нұсқасы
02
маусым
2014

Техникалық тапсырма. 2-қосымша

Орта білім беру ұйымдарында білім алушыларды

тамақтандыруды ұйымдастыру

бойынша көрсетілетін қызметтерді берушілерді таңдау жөніндегі 

үлгілік конкурстық құжаттамаға 

2-қосымша 

 

 

Орта білім беру ұйымдарында білім алушыларды тамақтандыруды  ұйымдастыру бойынша көрсетілетін қызметтерді берушіні таңдау бойынша конкурстық құжаттамаға  техникалық тапсырма

 

 

«№94 МГ» КММ оқушыларын тамақтануын ұйымдастыру бойынша қызмет алматы қаласы Абай көшесі мекенжайы бойынша орналасқан орта білім беру ұйымының оқушыларына көрсетілуі тиіс, барлығы 1112 оқушы, оның ішіндегі 510 бастауыш мектеп оқушыларын  31.12.2014 мерзімге дейін бюджеттік қаражат есебінен 12 327 000  теңге сомасына тегін тамақтанумен қамтамасыз ету керек.

     Күн         сайын ас    мәзірін       жұғымдылық,     теңгерімділік,     қауіпсіздік талаптарына сәйкес оқушылардың жас ерекшеліктерін ескере отырып, міндетті түрде           бірінші       –       үшінші       тағамдарды        дәрумендендірумен     конкурстың ұйымдастырушысы әзірлейді және халықтың санитарлық-эпимиологиялық саулығы саласындағы уәкілетті органмен келісіледі.  

 Әлеуетті өнім жеткізуші қыземттерді көрсету кезінде келесі талаптарды қамтамасыз етуі тиіс: 

<!--[if !supportLists]-->-  <!--[endif]-->тұтынушылардың денсаулығы үшін сапа мен қауіпсіздікке кепіл болатын тағамдар мен тамақтарды әзірлеу және жүзеге асырудың барлық кезеңдерінде санитарлық нормалар мен ережелерді сақтау үшін қажетті жағдайлар жасау; 

<!--[if !supportLists]-->-  <!--[endif]-->денсаулығының жағдайы бойынша рұқсаттары бар, кәсіби, гигиеналық даярлықтан және аттестаттаудан өткен тұлғаларды жұмысқа қабылдау;

<!--[if !supportLists]-->-  <!--[endif]-->әрбір қызметкердің медициналық кітапшасының болуы;

<!--[if !supportLists]-->-  <!--[endif]-->жұмысқа тұру кезінде алдын ала және барлық қызметкерлердің мерзімдік медициналық тексерулерден уақытында өтуі (медициналық мекемелермен келісім);

<!--[if !supportLists]-->-  <!--[endif]-->күн сайын қажетті құжаттаманы жүргізу (бракераждық журналдар, персоналды ірің және тыныс органдарының өткір ауруларына қарау журналы, және басқа құжаттар);

<!--[if !supportLists]-->-  <!--[endif]-->Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына, санитарлық ережелеріне, гигиеналық нормативтерге сәйкес қызметкерлер еңбектерінің жағдайлары; 

<!--[if !supportLists]-->-  <!--[endif]-->қызметкерлерді үш жиынтықтан кем емес арнайы киіммен және бас киіммен қамтамасыз ету;  

<!--[if !supportLists]-->-  <!--[endif]-->технологиялық, тоңазытқыш, желдеткіш және басқа жабдықтардың тиісті деңгейде жұмыс істеуі қамтамасыз ету және жұмыстың басталуы алдында жыл сайын тексеріс жүргізу;  

<!--[if !supportLists]-->-  <!--[endif]-->өндірістік құралдардың, ыдыстың, жуатын және залалсыздандыратын құралдардың (ҚР қолдануға рұқсат етілген) және материалдық-техникалық жарақтандырудың  басқа да заттарының жеткілікті мөлшерінің болуы; 

<!--[if !supportLists]-->-  <!--[endif]-->жүргізілген жұмыстар туралы актінің болуымен дезинфекция, дезинсекция және  дератизация бойынша іс-шараларды жүргізу;

<!--[if !supportLists]-->-  <!--[endif]-->алғашқы медициналық көмек көрсету үшін аптечкалардың болуы және оларды уақытында толтырып отыру; 

<!--[if !supportLists]-->-  <!--[endif]-->семинарлар, әңгімелесулер, лекциялар өткізу жолымен персоналмен санитарлық-ағартушылық жұмыс ұйымдастыру; 

<!--[if !supportLists]-->-  <!--[endif]-->өрт сөндіру құралдарының болуы. Ыстық тамақ қызметтері бойынша бірінші реет қатысып жатқан әлеуетті өнім жеткізушілер кепіл хат ұсынуға құқығы бар;

<!--[if !supportLists]-->-  <!--[endif]-->азық блогына келіп түсетін азық-түліктер азық-түлік шикізаты мен азықтүлік өнімдеріне қойылатын гигиеналық талаптарға сәйкес келуі тиіс, және шығарылған күні, өнімнің сақталу мерзімі мен жағдайларын көрсете отырып, шығарылғаны, сапасы мен қауіпсіздігін куәландыратын құжаттары болуы тиіс. 

Ілеспе құжатты өнімді сатылғанша дейін сақтау қажет.  

<!--[if !supportLists]-->-  <!--[endif]-->қызметті көрсету кезінде қолданылатын негізгі тамақ өнімдерінің сапасына сертификаттар (декларациялар) болуы;

<!--[if !supportLists]-->-  <!--[endif]-->дайын тамақты жіберу сынамалар алынғаннан кейін ғана жүзеге асырылады. Тағамдардың сапасын бағалауды үш адамнан кем болмайтын бракераждық комиссия органолептикалық көрсеткіштер бойынша (сынама тамақ дайындалған ыдыстан тікелей алынады) жүргізеді: медициналық қызметкер, тамақ блогының қызметкері және білім беру мекемесі әкімшілігінің өкілі. Бракераж нәтижесі осы санитарлық ережелердің 12 қосымшасына сәйкес «дайын кулинарлық өнімдерді бракераждау журналына» тіркеледі. Тағамды дайындау технологиясы бұзылған кезде, сондай-ақ дайын болмаған жағдайларда, анықталған кулинарлық кемшіліктер жойылғанға дейін тағам жіберуге босатылмайды.  

<!--[if !supportLists]-->-  <!--[endif]-->күн сайын жұмыс басталудың алдында медициналық қызметкер білім беру мекемесінің қоғамдық тамақтануды ұйымдастыратын қызметкерлердің қол терісінде және дененің ашық жерлерінде  ірің ауруларының, сондай-ақ ангина,  жоғарғы тыныс алу мүшелерінің катаралды көріністерінің болмауын тексереді. 

<!--[if !supportLists]-->-  <!--[endif]-->сақтаудың ерекше жағдайларын талап ететін  тез бұзылатын азық өнімдерінің сақталу жағдайлары мен сақтау мерзімдерін бақылау мақсатында осы санитарлық ережелердің 11 Қосымшасына сәйкес термометрлерді пайдаланумен (сынаптан басқалары) тоңазытқыш жабдықтарында сақтаудың температуралық режимін бақылауды жүргізеді;    

<!--[if !supportLists]-->-  <!--[endif]-->технологиялық үдерістің сақталуын бақылау мақсатында  дайындалған тағамдардың әрбір партиясынан тәуліктік сынама алынады. Тәуліктік сынаманы алуды осы санитарлық ережелердің 8 тармағындағы сынамаларды алу бойынша ұсыныстарға сәйкес азық блогының (аспаз) қызметкері жүзеге асырады. Тәуліктік сынамалардың дұрыс алынуына және сақталу жағдайларына бақылауды медициналық қызметкер жүзеге асырады;    

<!--[if !supportLists]-->-  <!--[endif]-->өндірістік ортаның заттары болып табылатын жабдық, мүлік, ыдыс, тара

қоғамдық тамақтандыру ұйымдарына қойылатын санитарлық-

эпидимиологиялық талаптарға сәйкес келуі тиіс, және белгіленген тәртіпте азық өнімдерімен байланыста болу үшін рұқсат етілген материалдардан орындалуы тиіс; 

<!--[if !supportLists]-->-  <!--[endif]-->өндірістік үй-жайларда орнатылған барлық технологиялық және тоңазытқыш жабдықтарының барлығы тиісті жұмыс жағдайында болуы тиіс және жыл сайын оларды тексерістен өткізіп отыру керек;    

<!--[if !supportLists]-->-  <!--[endif]-->қандай да бір технологиялық жабдық істен шыққан кезде ас мәзіріне өзгеріс енгізу керек және дайын тағамдарды өндіру кезінде осы санитарлық ережелердің талаптарының сақталуын қамтамасыз ету керек; 

<!--[if !supportLists]-->-  <!--[endif]-->осы санитарлық ережелердің талаптарына сәйкес жуу және залалсыздандыру ережелерін сақтау мақсатында бір отыратын орынға үш жиынтықтан кем емес есебі бойынша жеткілікті мөлшерде асхана ыдыстарымен және құралдарымен, сондай-ақ тарату желісінің маңында оны сақтау үшін шкафтармен қамтасыз ету туралы міндеттеме хат;  

<!--[if !supportLists]-->-  <!--[endif]-->азық өнімдерімен байланыста болатын материалдар үшін қауіпсіздік талаптарына жауап беретін тамақтануды ұйымдастыру кезінде фарфор, фаянс және шыны ыдыстар  (тарелкалар, табақшалар, шыныаяқтар, бокалдар) қолданылады. Асхана ыдыстары (қасықтар, шанышқылар, пышақтар), дайын тағамдарды дайындау және сақтауға арналған ыдыс тот баспайтын  болаттан және немесе гигиеналық қасиеттері бойынша ұқсас материалдардан жасалуы тиіс;  

<!--[if !supportLists]-->-  <!--[endif]-->формасын өзгерткен, шеттері сынған, сызат түскен, эмалі бұзылған асхана және асүйлік ыдысты, алюминийден жасалған асхана құралдарын; пластмассадан және баспақталған фанерадан жасалған тақтайларды; сызат түскен және механикалық зақымданған тақтайшалар мен ұсақ ағаш құралдарын  пайдалануға тыйым салынады; 

<!--[if !supportLists]-->-  <!--[endif]-->оқушылардың тамақтану кестесін сақтау;

<!--[if !supportLists]-->-  <!--[endif]-->кассалық аппараттардың болуы; 

<!--[if !supportLists]-->-  <!--[endif]-->азық өнімдерін және азық-түлік шикізатын жеткізу Тұтынушылардың құқықтарын қорғау басқармасы беретін қорытындысы бар мамандандырылған машиналарда жүргізілуі тиіс. Жүргізуші мен экспедитордың жеке медициналық кітапшалары болуы тиіс. 

<!--[if !supportLists]-->-  <!--[endif]-->оқушылардың тамақтануында тыйым салынған тағамдарды, сондай-ақ газдалған және алкогольсіз энергетикалық сусындарды, чипсыларды, сухарилерді және құрамында  генномодификацияланған ингридиенттер бар тамақ өнімдерін, сондай-ақ шайнайтын сағыздарды тасымалдауды болдырмау туралы міндеттеме;  

<!--[if !supportLists]-->-  <!--[endif]-->мектептердің тамақтандыру блогында жыл сайын және қажеттілікке байланысты жөндеу жұмыстарын жүргізу туралы міндеттеме.  

 

02.06.2014 ж.

 

«№94 МГ» КММ директоры:                                  А.Ж.Белбеуова М.О.

 

 

 

 

 

Похожие публикации:

02 маусым 2014 8-&#1179;осымша
02 маусым 2014 8-&#1179;осымша
02 маусым 2014 4-&#1179;осымша